$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шотландияның парламенті Brexit-ті іске қосуға қарсы дауыс берді

AstanaTV
09.02.2017ж. 20:00
3357
Шотландияның парламенті Brexit-ті іске қосуға қарсы дауыс берді

Ұлыбританияның төменгі палатасы Еуроодақтан шығу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады. Құжатты парламент мүшелерінің 500-і қолдап, 122-і қарсы болған. Енді лордтардың қарауына жіберілді. Ондағы дауыс беру қорытындысы 7 наурызда шығуы мүмкін. Британдықтардың дені одақтан шығу идеясын қолдап отыр. БАҚ-да жарияланған теріс материалдың өзі олардың пікірін өзгерте алмаған. "The Times"  газеті Brexit-тің іске асуының арқасында біріккен корольдік 30 мың жұмыс орнынан айырылмақ деп жазған. Ал Шотландияның парламенті Британияның Еуроодақтан шығуына қарсы дауыс берген. Бұл ретте ресми Лондонның шотландиялықтардың пікірімен санаспағаны олардың наразылығын тудырған. Дегенмен, Даунинг-стритте Ұлыбритания Еуроодақтың құрамынан тұтас мемлекет ретінде Шотландиямен бірге шығатыны мәлімденді.

Тереза Мэй, Ұлыбританияның премьер-министрі:

Мен джентельмендерге екі дүниені еске салғым келеді. Алдымен біз Шотландияның үкіметімен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз. Жоғарғы соттың қаулысында Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуы туралы баптың іске асуына Шотландия парламентінің вето жариялауға құқығы жоқ екені айқын көрсетілген. Тәуелсіз Шотландия Еуропалық одақтың құрамында болмайды.

Айбек ҚОСАН