$439.37 €498.6 ₽5.22

Азиада-2026: боксшы Махмұд Сабырхан Қазақстанға үшінші қола медальді сыйлады

Азиада-2026: боксшы Махмұд Сабырхан Қазақстанға үшінші қола медальді сыйлады
ҰОК

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды AstanaTV.

Отандық былғары қолғап шебері 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Карло Пааламмен (Филиппин) кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Филиппин өкілі 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Махмұд Сабырхан үшінші қола медальді қоржынға салды. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) қола алған еді.