Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде өзін сынайтын оқырмандарына ренішін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі күні кеше әйгілі Николь Шерзингердің концертіне барып, 45 жастағы әлемдік жұлдызға тәнті болып қайтқан.
Желі қолданушылары "Көңіл жас әрине, бірақ қазак екенимизді умытып кетпеу керек", "Ия Мадина көңіл жас бірақ сен Николға емес Никол саған еліктесін сонда жақсы болады", "Ой айналайын ! Көсегең көгергір сіңлім ! Сен оған теңелмеші сұранамын", - деп жазды.