$451.38 €487.22 ₽5.14
×

Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті

AstanaTV
20.05.2024ж. 02:24
4217
Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті

Таксист ерлі-зайыптыны танымай қалса да, тегін жеткізіп тастаған. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жастар арасында кеңінен танымал әнші Kalifarniya күні кеше Степногорск қаласында үлкен концерт берді. Ән кеші алдында өнер иесі қызықты жағдайға тап болды. Хитменді жергілікті такси жүргізушісі танымай қалған. 

Kalifarniya-ның келіншегі Instagram-дағы парақшасында такси көлігінен видео жариялап, басынан өткен қызықты жағдайды оқырмандардың назарына ұсынды.

Бейнежазбада такси жүргізушісі Kalifarniya-ның өнеріне жоғары бағасын беріп отырғанын көруге болады. Алайда ол әншінің хиттерін естігенімен, оның түрі қандай екенін білмейтін болып шықты.

Такси жүргізушісі көлігінде сол Kalifarniya-ның өзі отырғанын білмей қалған. Десе де ол ерлі-зайыптыны танымай қалса да, тегін жеткізіп тастаған.

"Kalifarniya хит әндері бар жігіт пе? Степногорскқа келді ма не? Қазір әндері керемет", - деді такси жүргізушісі.