$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген

AstanaTV
20.05.2024ж. 07:22
901
Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген

Ата-аналар балабақшаның тамағы ай сайын төлеген ақшаға сай келмейтінін айтқан SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «KIDS» балабақшасының қызметкері балаларға тамақтың қалдығын берген. Бұл туралы видео әлеуметтік желіге тарап кетті.

Бейнебақылау камерасынан түсірілген видеодан әйелдің балаға тамақ қалдығын салып беріп жатқанын көруге болады.

Мұның алдында ата-аналары балаларға сапасыз тағам берілетіні жайында шағым түсірген. Ендігіде олар биліктегілерден балабақшаға тексеріс жүргізулерін сұрайды.

Аталмыш оқиғаға қатысты балабақша әкімшілігі әлі ешқандай пікір білдірмеген.