$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Оралда бүлінген баспананың есебі анықталып жатыр

20.05.2024ж. 20:00
313
Оралда бүлінген баспананың есебі анықталып жатыр

Оралда суға кеткен саяжайларды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шығынды анықтайтын сарапшыларға тұрғындардан 10 мыңнан астам өтініш түскен. Қазір мамандар су кепкен аумақты аралап, бүлінген дүние-мүліктің есебін шығарып жатыр. Бірақ саяжайлардың тең жартысынан астамы әлі су астында тұр. Сондықтан комиссия жер аяғы кеңігенін күтуге мәжбүр.

Виктор КИВЕРОВ, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:

Үйімді екі жыл бұрын салып, қоныстанып едік. Су екі рет басты. Алғашқысында су терезеден кірді, екінші жолы белуардан асты. Бірінші қабаттағы бүкіл жиһаз бүлініп, суға ағып кетті. Бүкіл дүниемізді тастап, қашып шықтық. Комиссия су кеткен соң келіп жатыр. Әзірге 100 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы алдық.

Бүгінде 300 үйге техникалық сараптама жасалып, тек 10 баспана апатты күйде деп танылған. Ал қалған нысандарға жөндеу жүргізіледі. Егер иелері бұл шешіммен келіспесе, сотқа беріп шағымдана алады. Жергілікті билік баспанасыз қалған азаматтарға әділ шешім шығарамыз дейді. Бүгінде 2 мыңнан астам тұрғынның саяжайы меншігіндегі жалғыз үйі екені анықталған. Ендігі міндет - оларды баспанамен қамту.

Жандос ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаламызда пәленбай құрылыс компаниялары бар ғой. Солардың жаңағы дайындап жатқан, әлі бітпеген үйлерін тездетіп дайындатып, соларды сатып алу. Екінші вариантымыз - ол риелторлар. Бағаларын анықтап жатырмыз. Бізге ұсыныстарын беріп жатыр және үшінші ойымыз жаңа шағын аудандарда үйлер салу. Оның енді қалай болатынын нақты айта алмаймыз. Бірақ осы үш бағытының мүмкін бәрін қолданамыз, мүмкін бір-екеуін қолданамыз деген сияқты.