$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбенің Ырғыз ауданы Құйыыс елдімекенінің тұрғындары эвакуацияланды

20.05.2024ж. 20:00
648
Ақтөбенің Ырғыз ауданы Құйыыс елдімекенінің тұрғындары эвакуацияланды

Ақтөбенің Ырғыз ауданы Құйлыс елдімекенінің тұрғындары эвакуацияланды. Ырғыз өзені арнасынан тасып Тәуіп ауылдық округіне қарасты ауылға қауіп төнді. Судың екпіні қатты болғаны соншалық, биіктігі 1 метр, ені 5-6 метрге жететін бөгеттің 10 метр жерін бұзып кетті. Әзірге үйлерге су кірмеген. 100-ге жуық әскери мен ерікті бөгеттерді нығайтып жатыр. Азық түлік пен жанар-жағар май, инертті материалдар ауылға аудан орталығынан жеткізілуде. 

Нұрлан ҚЫЗБЕРГЕНОВ, ЫРҒЫЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Соған қарамастан біз қазір сол жерден ұзындығы 2 км болатын тағы да қорғау жұмыстарын бөгеттерді бастап кеттік. Бүгінгі күнге жел әлі толастамай тұр. Бірақ толқын кешегідей қатты емес. Судын деңгейі соңғы 13-15 күн көлемінде бір деңгейді ұстап тұр. Судың не түсуі, не көтерілуі байқалып тұрған жоқ.