Павлодарда тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арналған үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жұмыстың 90 пайызы біткен. Енді тек ішкі әрлеу жұмыстары ғана қалды. Маусым айының аяғында қолданысқа берілмек.
Ақтоғай ауданындағы Жалаулы ауылы тасқыннан ең көп зардап шеккен елдімекен. Ауылдағы 14 үй су астында қалды. Оның бесеуі тұруға жарамсыз болды. Сол себептен де 5 үй салуға шешім қабылданды.
Мархабат СМАТАЕВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Судан зардап шеккен жанұяның біреуіміз. Жолдасымның үйінде тұрып жатырмыз. Көріп тұрамыз. Қадағалап отырамыз. Жақсы істелініп жатыр. Жақсы
Әр баспананың ауданы 78 шаршы метрді құрайды. Үйдің еңсесі биік. Қабырғасы кірпіштен қаланған. Қыста жылы болуы үшін қажетті материалдармен қапталынады. 3 бөлмелі баспанада қажеттінің бәрі жасалынбақ. Жылыту жүйесіне ұзақ жанатын пештер қойылады.
Асайын БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Құрылыс жұмыстары кестеден 20 күнге ерте жүріп келе жатыр. Шілде айында аяқтаймыз - деп ойлағанбыз. Мердігер маусым айының аяғында аяқтауы мүмкін. Маусым аяғының басында немесе шілде айының басында беруді көздеп отырмыз.
Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір жұмыстың 90 пайызы аяқталған. Тек ішкі әрлеу жұмыстары қалды. Ал жарамсыз болып қалған баспаналарын үй иелері бұзып алып кетуіне болады. Бірақ, бұл жерге қайтадан үй салуға тыйым салынған. Өйткені, тасқын қауіпі жоғары аумақ болып саналады. Ал ауылда тасқын қайталанбауы үшін сыйымдылығы 200 мың текше метр су сыятын 3 қазан шұңқыр дайындалып жатыр.