$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Су тасқыны болған аймақтарда 61 мың 352 адам үйіне оралды

21.05.2024ж. 20:00
482
Су тасқыны болған аймақтарда 61 мың 352 адам үйіне оралды

Премьер-министр су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде Мемлекет басшысына есеп берді. Осы уақытқа дейін 61 мың 352 адам үйіне оралды. 891 отбасына үйлерін жөндеу үшін 1,9 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленген. Сондай-ақ 26 мыңнан астам отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар 7 облыста толық аяқталды. Сонымен қатар баспанасы қираған 239 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанды. Қазір 873 үй салынып жатыр. Тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 553 мың теңгеге дейін өтемақы төленген.