$474.72 €515.17 ₽5.58
×

"Патша мен патшайым": Бурак Өзчивит жұбайы Фахрие Евженмен түскен суретін бөлісіп, көпшілікті сүйсіндірді

AstanaTV
21.05.2024ж. 18:46
501
"Патша мен патшайым": Бурак Өзчивит жұбайы Фахрие Евженмен түскен суретін бөлісіп, көпшілікті сүйсіндірді

"Бозторғай" түрік телехикаясының бас кейіпкерлері Бурак Өзчивит пен Фахрие Евжен Instagram желісінде жаңа суреттерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары түрік шоу-бизнесінің танымал жұбына ерекше ықыластарын білдіріп жатыр.

"Бурак реңіңіз тым жақсы көрінеді. Сондай сымбатты", "Фахрие, сен сондай әдемісің", "Керемет", "Өте тәтті жұп. Бақытты болыңдар", "Әдемі фото", "Үздік жұп", "Бозторғай" телехикаясы екі танымал жұпты бір шаңырақ астында тоғыстырды. Алла бақыттарыңды ұзағынан қылсын", "Түркияның бір-біріне сөзсіз жарасқан ең әдемі жұбы. Бақыттарың ұзағынан болсын", "Ең жарасымды жұп", - деп жазды олар.