Осы аптада Халықаралық валюта қорының біздің еліміздегі миссиясының басшысы Марк Хортон Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты бейнелеп айтқанда «арқасынан қақты». ХВҚ өкілі былай деді:
Марк Хортон, Халықаралық валюта қорының еліміздегі миссиясының басшысы:
Біз Ақышев мырзаның белгілі-бір қысымға ұшырап отырғанынан хабардармыз. Бұл оның жеткен жетістігін көрсететін де құбылыс шығар. Ол күрделі шаруаны атқарып отыр. Дағдарыс кезінде экономиканы тұрақтандыру шаралары дегеніміз -пайыздық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап, инфляциялық күтуді тежеу. Мен белгілі-бір топтардың пайыздық мөлшерлеменің төмен болғанын қалайтынын түсінемін, осы арқылы олар кейбір банктерге басымдық бергісі келеді.
Өткен аптада «Данияр Ақышев ұсталыпты» деген әңгіме шығып, ҰБ оны жоққа шығарып, мәлімдеме таратқан. Кейін үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент былай деді:
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Я вижу, чем больше Нацбанк начинает наводить порядок, тем больше нападки на его председателя, которого я 100%-но поддерживаю. Это делают акционеры и спонсоры, которые вот здесь сидят, в этом зале. Никого не бойся, никого! Если кто будет вмешиваться, лезть, скажи мне фамилию.
Ал ХВҚ өкілі Марк Хортон баспасөз мәслихатында былай деген:
Марк Хортон, Халықаралық валюта қорының еліміздегі миссиясының басшысы:
БТА банк пен жалпы банк саласындағы жағдайды, қайтарылмаған кредиттер
туралы білетін шығарсыздар. Бұл бірнеше жыл қордаланған мәселе еді. Ал Ақышев
мырза осы түйінді тарқатуға тырысып жатыр. Сіздер білесіздер, екінші деңгейдегі
банктердің акционерлері өте мықты адамдар, ол жерлерде салмақты тұлғалар отыр.
Сондықтан түйінді тарқату кезінде әлгі акционерлер тарапынан реакция туатыны
табиғи құбылыс. Кез-келген мемлекетте орталық банктер екі бағыт бойынша жұмыс
істейді: бір жағынан инфляциялық қысымды азайту, екінші бағыт – банк саласының
ұзақ мерзімді мәселелерін шешу. Ал біз Ақышев мырза өз жұмысын айтарлықтай
жақсы орындап отыр деп есептейміз.
ХВҚ өкілі Казкоммерцбанкке (Qazkom) байланысты
проблеманың күрделі екенін айтты. Себебі банк ірі банктердің бірі.
Марк Хортон, Халықаралық валюта қорының еліміздегі миссиясының басшысы:
Qazkom БТА банкті алған етін, ал оның Қазақстандағы да, шетелердегі де қызмет көрсетілмейтін кредиттер портфелі өте күрделі болды. Казкоммерцбанк осы проблеманы шешуде айтарлықтай табысқа жете алмады. Тіпті өзінің де портфелі Алматы маңайындағы жылжымайтын мүліктерден тұрады – ал оның да төлем қабілеті жетерліктей емес. Енді Халық банкімен арада келіссөздер жүргізіп жатыр. Бірақ Халық банкі БТА банкінен қалған қызмет көрсетілмейтін ірі кредит портфелін «жүк» қылғысы келмейді.
Марк Хортон банктердің акционерлері қаржы құю тиіс екенін айтты. «Егер акционерлер қаржы құя алмаса, мемлекет көмегіне жүгіну керек. Бірақ ол ақша Ұлттық банк немесе Біртұтас зейнетақы жинақтаушы қорынан емес, республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс деп есептейміз». Жекеменшік банктерге мемлекеттен қаржы құю қарапайым адамдардың ашуын туғызады. Бірақ әділетсіздік туралы «уолл стрит қасқырлары» деп бейнелеп айтайықшы, әлемінде пайым басқаша...