Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Бензин бағасына таңғалмас үшін Ресейдегі бағаға қараңыздар»...

AstanaTV
11.02.2017ж. 20:00
1455
«Бензин бағасына таңғалмас үшін Ресейдегі бағаға қараңыздар»...

Бензиннің АИ-92 маркасы 145 теңгеге дейін көтерілді. Алдымен Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың түсініктемесі:

«Бір себебі – теңгенің рубльге шаққандағы бағамы екі апта бұрын – Ресейден бензин сатылып алған кезде өзгерді. Тиісінше, ресейден келетін бензиннің бағасы өсті. Жалпы, былтыр білесіздер, теңге бағамы рубльге қарағанда 20 пайызға әлсіреді. Баға рубльмен есептесе көтерілмеген, ал, теңгемен есептесе қымбатырақ». Министр отын тапшылығы болмайды деп қосты.

Ал экономист Ғалым Құсайынов жақында Ресейге барып келгенін, бензин бағасына назар аударғанын баяндап, сосын олардағы баға мен біздегі бағаны талдай келе «еліміздегі бензиннің қымбаттауы екі мәселеден – 1. Ресейдегі бензин бағасының өсуі; 2. Теңгенің Ресей рубліне байланысты арзандауынан ғана туады, басқа ешнәрсе емес»,- деп жазды, әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сарапшы «бар проблема біздегі мұнай өңдеу жүйесі мен мұнайтрейдингінің жабық, көлеңкеде тұрғанында»,- дейді. Бұл салаға толыққанды реформа керек, бірақ қазіргі жабық жағдайда өте қиын, - деп қосқан. «Жанар-жағар майдың бағасына таңғалмас үшін Ресейдегі бағаға қараңыздар» деп ирониялайды.