Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жаңа замандағы жаңа резюме

AstanaTV
11.02.2017ж. 20:00
3489
Жаңа замандағы жаңа резюме

Киев тұрғыны Алиса Абасова «Фейсбук» желісінде резюмесін жариялап, мыңдаған лайк жинап, жұртты біраз шулатты. Қысқа ғана үзінді келтірейік: 

... Мен Сіздің оң қолыңыз да, сол қолыңыз да, аяқтарыңыз да, тіпті миыңыздағы жүлке де бола аламын... Мен Сізбен өлікті жасыруға бармаймын, бірақ қала жағдайында оны жоқ қылудың 12 тиімді әдісін, сонымен бірге сіздің орныңызға соны істейтін 5 кеңсені тауып беремін... 6 –дағы ұлым бар. Әжелерімен қалатын, оның бітіру емтихандары мен сәтсіз некесі туралы ойламайтын жаста... Ағылшын тіліне келсек, шетелдіктер мені түсінеді. Ал французша 4 сөз, немісше 2 сөз білемін...

Кейін Киев қызы 150-ден астам ұсыныс түскенін, ақыры жұмыс тапқанын жазды. Алайда кадр бойынша мамандар жұрт сияқты «аһ» ұрмады. Олар Алисаның білімі де, профессионалдық деңгейі де төмен деп санайды. -Жазғанында нағыз маман екенін көрсететін түк жоқ, сылдыр сөз,- дейді.

Алма Жандаулетова, рекрутингтік компанияның бас директоры:

Бұл қыздың резюмесінде аздап мысқыл бар. Оны жұмысқа қабылдаушылар күліп қалу үшін шақырады. Себебі бұл юмор. Ол өзін көрсете білудің білетін шығар. Бірақ бұл салмақты жұмысқа жарамайды. Бұл адамның бір сәттік көңіл күйі. Бізде де кейбіреулер тіпті профессионалдық сайттарда бұдан да күлкілі резюмелерін орналастырып жатады. Мысалы біз сіздерге мынадай резюме дайындап қойдық – биология пәнінің мұғалімі былай деп жазған: ғарышпен әуестенемін, адамдардың планетаралық түрге айналатынына сенемін. Немесе мына бір жігіт жазады – жарнама агенттігінде істедім, тек атауын ұмытып қалдым. Тәжірибе жинай алмадым.Сосын инсталяция қойып, ақша таптым. Бірақ көңілсіз еді. Мұндай резюмелердің қандай мағынасы бар? Қызық адамдар көп, мысалы, бір бойжеткен кеңсе әкімшісі болып істегісі келетінін жазады. Сосын құрбысымен түскен суретін жіберген. Оның қайсысы өзі, қайсысы құрбысы екенін біз қайдан білеміз?

Алиса Абасованың резюмесі юмормен қосаарандатушылық бағытта жазылған, сондықтан «өлікті жасырмаса да, оны жасыруға көмектесетін» адамның әйтеуір бір жұмыс табатыны анық екенін мамандар жоққа шығармайды. Әйтсе де біз сөйлескен маман стандартты резюмелердің дұрыс екенін қайта-қайта айтты. Бірақ коммуникацияға байланысты жұмыс түрлері көбейген қазіргі заманда стандарттан тыс  - өзгеше резюме стилі қалыптасатын сияқты.