Алатын несиеңіз 3 млн 700 мың теңгеден асса жұбайыңыздың келісімі қажеБүгін Сенат кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заңының жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды. Құжатқа бірнеше бағыт бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дегенмен, ерлі-зайыптылардың келісімінсіз кредит беруге тыйым салу нормасы сақталды. Сала басшылары бұл несие алушылардың санын азайтуға көмектеспейді, алайда алаяқтық операцияларға тосқауыл болуға септігін тигізеді, дейді.
Олжас ҚИЗАТОВ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мұндай шек қоюымыздың себебі бар. Аяқ астынан ақша қажет болуы мүмкін. Ал жұбайы шетелде болса, олардың келісімін алу қиын болады. Оның ішінде денсаулығына байланысты тез ақша керек болып қалуы мүмкін. Осы мәселелерді ескеріп, біз 3 700 000 теңге жедел қажет болатын қаржылық проблемаларды шешуге жеткілікті деп ойлаймыз.