$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Олжас Бектенов Rhenus Group неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартцпен кездесті

23.05.2024ж. 20:00
363
Олжас Бектенов Rhenus Group неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартцпен кездесті

Премьер-Министр Олжас Бектенов Rhenus Group неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартцпен кездесті. Тараптар Қазақстанның транзиттік қуатын арттыруға бағытталған жобаларды қарап, қазақ-неміс кәсіпорындарын құру перспективаларын талқылады. Rhenus Group әлемдегі ең ірі 25 логистикалық компанияның қатарына кіреді. Тобиас Бартц қазақстандық компанияларды тарта отырып, жаңа аумақтар құруға қызығушылығын білдірді. Бұл Еуропаның жеткізу тізбегін Орталық Азиямен байланыстыруға мүмкіндік береді. Олжас Бектеновтың айтуынша, еліміз көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетті ашу үшін инвесторлармен жұмыс істеуге дайын. Қазақстан аумағы арқылы Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға дейінгі ең қысқа жолдар өтеді. Одан бөлек, Әзербайжан және Грузиямен халықаралық көлік бағыты белсенді жұмыс істеп жатыр. Бір жыл ішінде орта дәліз арқылы өтудің жалпы уақыты 2 есе қысқарды.