$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Астана вокзалының демалыс бөлмелері сын көтермейді», - депутат

«Астана вокзалының демалыс бөлмелері сын көтермейді», - депутат

«Астана вокзалының демалыс бөлмелері сын көтермейді». Бір жарым ай бұрын қостанайлық депутат инклюзия бойынша кеңейтілген кеңесте осылай деп шағым түсірген. Жол-жөнекей вокзалдың демалыс бөлмесінде тынығып алуды шешкен халық қалаулысы ондағы жағдай мәз емес екенін айтқан. Осы мәселеге орай «AMANAT» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мониторинг жүргізді. Партиялықтар вокзалдың кіре берісінен бастап, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындардың жай-күйімен танысты. 

Мұхаммед БОЛЫСБЕК,  «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мүмкіншілігі шектеулі жандар – қоғамның бір бөлшегі. Сондықтан да біз өзіміздің тарапымыздан барлық мүмкіншіліктерді жамауымыз керек. Мониторингтік топпен келіп мына вокзалдың мән-жайын көріп отырмыз. Енді арызға сәйкес, шыныменде жағдайдың сонда екеніне көз жеткізіп отырмыз.

Теміржол вокзалына соңғы рет 2004 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сол уақыттан бері ғимарат пен оның айналасындағы кем-кетік жұмыстарды ондағы жұмысшылардың өздері жасап келеді.

Саят МҰҚАШЕВ,  АСТАНА ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қолымыздан келген жұмыстарды атқарып жатырмыз. Бұл вокзалға күрделі жөндеу осы жылы Алла қаласа жүргізіліп басталады деген үміттеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмыстарын күтіп отырмыз.