$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін пышақтап өлтірді

24.05.2024ж. 20:00
708
Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін пышақтап өлтірді

Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін пышақтап өлтірді. Ресми деректерге сәйкес, жолаушы мен жүргізушінің арасында жанжал туып, төбелес болған. Салдарынан жолаушы жүргізушіні өлтіріп, үйіне кетіп қалған. Өзі де пышақ жарақатын алып, артынша облыстық ауруханаға түскен. Оған жедел түрде операция жасалды. Науқас қазір жансақтау бөлімінде. Ал полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.