$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады, енді оны Үкімет қарайды

AstanaTV
24.05.2024ж. 19:25
442
Утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады, енді оны Үкімет қарайды

Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жинаған петиция Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарауына беріледі.

Осы кодекстің 90-5-бабы бойынша келіп түскен өтініш оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралады.

Петицияны қарау барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

Оған мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

Петицияда көтерілетін мәселелер осы комиссия шеңберінде, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Еске сала кетейік, бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осы утильалымға қарсы онлайн петиция жөнінде пікір білдірген еді.

«Тиісті деңгейде дауыс жинаған петицияны Үкімет міндетті түрде қарастырып, шешім шығаруы керек. Сондықтан оған жеткілікті деңгейде қол қойылса, заңда белгіленген тәртіпте Үкімет халықтың талаптарын талқылайды. Осының аясында жұмыс тобы құрылып, оны қарастыруға Парламент депутаттарын шақырамыз», — деді Қ. Шарлапаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол ұжымдық талқылау аясында петицияға қатысты Үкімет өз шешімін жариялайтынын айтты.