$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Грузияда нөсер жауын салдарынан үйлер су астында қалды

AstanaTV
27.05.2024ж. 06:17
2523
Грузияда нөсер жауын салдарынан үйлер су астында қалды

Нөсер жауынның салдарынан үйлер, жолдар су астында қалды, көпірлер мен электр желілері зақымданып, елді мекендердің бір бөлігі электр жарығынсыз қалды.

Квемо Картлиде бірнеше елді мекен сыртпен байланыссыз қалды. Әсіресе Марнеули, Тетрицкаро, Болниси және Дманисиде жағдай өте қиын. Су басқан аймақтардан тұрғындарды эвакуацияланып жатыр, 15 отбасы көшірілді. Қызыл көпір аймағындағы шекарада 9 адамды қайықпен алып кетуге тура келді.

Үкіметтің хабарлауынша, залал мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия құрылған.