$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Ереванда мыңдаған адам митингке шықты

AstanaTV
27.05.2024ж. 06:52
2719
Ереванда мыңдаған адам митингке шықты

Армения астанасы Ереванда мыңдаған адам митингке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Yerevan.today агенттігінің мәліметінше, қатысушылар премьер-министрдің кандидатына протесттің көшбасшысы, Тавуш епархиясының басшысы, армяндық апостолдық шіркеудің архиепископы Баграт Галстанянның кандидатурасын ұсынуды талап еткен.

Митингте Ереван мемлекеттік университетінің профессоры Гурген Меликян премьер-министр лауазымына кандидатура саяси партиялар, мемлекеттік құрылым, ғылыми және мәдени шеңбер өкілдерімен, сондай-ақ бизнесмендер және заңгерлермен консультациядан соң бекітілгенін мәлімдеді.

Қолданыстағы заңға сәйкес, премьер-министрдің кандидатурасын парламенттік фракциялар ұсынып, одан соң депутаттар дауыс береді. Басым дауысқа ие болған кандидат жеңіске жетеді.