Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Саршұнақ аязда қоршау жуу...

AstanaTV
10.02.2017ж. 20:00
2648
Саршұнақ аязда қоршау жуу...

The Sun басылымы АҚШ-ның Сан-Францискосындағы метрода тазалаушы болып істейтін Лян Чжао Чжан есімді азаматтың жылына 230 мың доллар табыс табатынын жазды. Айта кететіні, ол тәулігіне 17 сағат және демалыссыз істейтін көрінеді. Оның ресми жалақысы жылына 58 мың доллар. 14 мың долларды компания оған бонус ретінде төлейді, 162 мыңды жүктемеден көп істегені үшін алады.

Ал жалақысы 52 мың теңге Қостанайдың көше тазалаушылары қақаған қыста жалаңаш қолдарымен қоршау жуған.

Алла Семкина, «Таза жол» ЖШС жұмысшысы:


Біз өзіміз сұранған жоқпыз. Себебі өте қатты суық болды. Қолымыз үсіп, жылағандай болдық. Бірақ әкімдік бізді мәжбүрлеген жоқпыз дейді. Білмеймін. Нақты кім тапсырғанын білмеймін. Алайда, біз өзіміз емес. Өйткені айтып тұрмын ғой, өте суық болды.

Саршұнақ аязда қоршауды жуғызған кім? Ертең 20.00 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасын жіберіп алмаңыздар!