Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қуандық Бишімбаев қаржы жымқырудың қылмыстық жоспарын құрған - ҚР СЖҚІҚ ҰБ

AstanaTV
13.02.2017ж. 20:00
2498
Қуандық Бишімбаев қаржы жымқырудың қылмыстық жоспарын құрған - ҚР СЖҚІҚ ҰБ

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев Қызылордадағы шыны зауыты құрылысынан миллиард теңгені жымқыру үшін қылмыстық жоспар құрған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады. Ресми мәлімдемеге сай, Бишімбаев «Orda Glass» және «Шымкентхиммонтаж» компаниялары арқылы қылмысын жүзеге асырған. Қазір аталған фирмалардың басшылары да жауапкершілікке тартылып жатыр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы

«Қолды болған қаржы «Металл құрастырмаларын жасау зауыты» серіктестігі арқылы нақты ақшаға айналдырылып отырған. Яғни жұмысшылардың тамағы мен жатын орнына жұмсалған қаржы есебінде. Аталған сомадан 2 млн АҚШ долларын Бишімбаев арада делдал болып жүрген өзінің туысы Нұрлыбек С. арқылы алған». 


Қазақстандағы алғашқы шыны зауытының құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Қызылордада орналасқан кәсіпорынның жылдық қуаттылығы екі жүз мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Құны 52 млрд теңгені құрайтын ірі жобаны «Қазақстанның даму банкі» мен американдық «Stewart Engineers» компаниялары қаржыландыруда. Өндіріс орнында тек жергілікті шикізат қолданылады деп жоспарланған. Зауыттан шыққан дайын өнімнің 70 пайызы ішкі сұранысты қамтиды, өзгесі экспортқа шығарылады. Кәсіпорын биыл күзде пайдалануға берілмек.