$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды

AstanaTV
30.05.2024ж. 11:16
664
Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды

Алматыда мопед жүргізушісі көп тонналық жүк көлігін басып озбақ болғанда қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Iveco жүк көлігі Мөңке би көшесінің оңтүстік жағындағы құрылыс нысанына қарай келе жатады. Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында келгенде ол оңға бұрыла бастайды.

Онымен қатар автобус жолағында мопед келе жатады. Оның жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болады, алайда соңғысы мопед тарапына қарай бұрылады.