$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды — заңгер жауап берді

AstanaTV
02.06.2024ж. 22:13
2794
Жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды — заңгер жауап берді

Көшеден әскерге ұстап әкету қаншалықты заңсыз? Заңгер ақ-қарасын ажыратып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңгер Жандос Мақсатов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды деген сұраққа жауап берді.

Әскери комиссариат қызметкерлері сізге келіп, құжаттарыңызды тексерген кезде олардың арасында міндетті түрле әкімдік қызметкері, учаскелік полиция қызметкері жәре әскери комиссариаттың өз қызметкерлері болуы керек. Олардың бәрі міндетті түрде формамен жүруі тиіс.

- Сіз студент болмасаңыз, яғни әскери қызметті кейінге шегеруге құқығыңыз болмаса, үш күннің ішінде әскери комиссариатқа келу жөнінде шақырту құжатын беріп, олар сізді жіберуі тиіс, - дейді ол.

Заңгердің айтуынша, осынлай тексеру кезінде әр қызметкердің өзіндің функционалдық міндеті болады. Яғни, сол жердегі учаскелік полицей заңның сақталуын қамтамасыз етеді. Полиция қызметкері өзінің базасы арқылы тексерілген адамның мәліметтерін тексереді. Ал әскери комиссариаттың қызметкері азаматқа әскери комиссариаттан шақырту келді ме, келмеді ме - соны тексереді.

— Келесі жолы сізді көшеде тоқтатқан кезде повестка беріп, сізді жіберу керектігін ұмытпаңыздар, - дейді ол.

Әлеуметтік желіде кешелі бері жас жігіттердің полиция қызметкерлерімен дауласқан видеосы тарап жүр. Астанада болған дауға тәртіп сақшыларының жастарды әскери комиссариатқа жеткізбек болған әрекеті себеп болған. Алайда жиналған жастар бұған келіскісі келмеген. Мұндай жайттар елдің басқа өңірлерінде де кездеседі.