Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Самұрық-Қазына» жыл соңына дейін 23 ірі компанияны сатуды жоспарлап отыр

AstanaTV
14.02.2017ж. 20:00
2094
«Самұрық-Қазына» жыл соңына дейін 23 ірі компанияны сатуды жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» жыл соңына дейін 23 ірі компанияны сатуды жоспарлап отыр. Мұндай хабарлама әл-ауқат қорының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Алғашқы жартыжылдықта 12 актив сатуға шығарылмақ.

Олардың қатарында «Транстелеком», «Тегіс Мұнай», «Еуро-Азия Эйр», «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты», «Тұлпар-Тальго» сынды ірі жобалар бар.

Қазір бірқатарына шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Өзге активтер алдын ала дайындау сараптамасы нәтижесінен соң сатылады. «Самұрық-Қазына» қоры жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 215 активті саудаға шығаруды жоспарлаған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ