Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әскери форма мәселесін реттеу қажет - сенатор

AstanaTV
14.02.2017ж. 20:00
3680
Әскери форма мәселесін реттеу қажет - сенатор

«Әскери форманы тек әскери адамдар кию керек. Бұл талапты орындамағандарға қандай да бір жаза қарастырған дұрыс». «Қазақстан мен Түркия арасындағы арнайы бөлімшелердің оқу-жаттығуына» байланысты заң жобасын талқылау барысында сенатор Мұхтар Алтынбаев осылай деді. Депутаттың сөзінше, халықаралық ережеге сай қарапайым адамдар әскери киімді кимеуі керек. "Погоны бар киімдерді де қарапайым тұрғындардың қолдануына болмайды" деген президенттің жарлығы бар. «ЭКСПО-ға келген шетелдік қонақтар көше сыпырып немесе күзетте тұрған әскери формадағы адамды көріп, дұрыс түсінбей қалуы мүмкін», - деп алаңдайды депутат.

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Погон емес, камуфляж, полевая формасын әскери адамның далада жүрген адамдар, базарда жүрген адамдар киеді. Ол дұрыс емес. Себебі шетелдік болсын, даже терроризм-экстремизм жағын қарасақ, ол әскери адам ба, жоқ па, деп қателесуі мүмкін. Сондықтан оған тиым салу керек, заң болу керек.