Қазақстан
2018 жылы жүз пайыз отандық жанармаймен қамтамасыз етіледі. Еліміздегі үш мұнай өндеу зауыты толық жаңғыртудан өткен
соң, жанар-жағармай өндіру 2 миллион тоннаға көбеймек. Бұл туралы «Қазмұнайгаз»
өңдеу-маркетинг» өкілі мәлімдеді.
Айтуынша, мұнай өндіру көлемі жыл санап артып келеді.
Павлодар мен Атырау зауыттары 2018 жылға қарай әрқайсысы бір жарым миллион
тоннаға дейін мұнай өңдейтін болады. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытының
көрсеткіші 1,1 миллион тоннаға жетпек. Бұл бензин жетпіспеушілігін жояды деген
үміт бар.
Данияр
Сатыбалдин, «Қазмұнайгаз» өңдеу-маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары:
Қазір
15 пайыз дизель отыны, 30 пайыз жанармай тапшылығы бар. Көлікке құятын
бензиннің 30 пайызын Ресейден аламыз. Мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғыртулар
аяқталғаннан кейін бұл мәселе шешіледі.