Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Депутаттар нанның сапасына алаңдап отыр

AstanaTV
15.02.2017ж. 20:00
2598
Депутаттар нанның сапасына алаңдап отыр

Депутаттар нанның бағасы мен сапасына алаңдап отыр. Халық дәмсіз әрі құрамында улы заттары бар нанды жеуге мәжбүр,- дейді олар. Ауыл шаруашылығы вице-министрімен кездесу барысында сенаторлар осылай деп дабыл қақты.

Ляззат Қиынов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында қолданылған нан ашытқыларының құрамында улы заттар бар екен. Соның бірі фармалин мәйіттердің бұзылып кетпеуі үшін қолданылады. Оларды нанға мүлде қосуға болмайды. Осы ашытқыны ойлап тапқан адамның өзі нан пісіргенде қолдануға болмайды деген.

Вице-министр Қайрат Айтуғанов та нанның сапасыз әрі қымбат екенін жасырмайды. Сенаторлардың сұрауы бойынша министрлік жақын арада нан бағасы мен сапасын анықтайтын болады. Сенаторлар ауыл шаруашылық өнімдерінің қымбаттығына тоқталып, заңдық тұрғыдан бағаларды реттеу керектігін айтты. Қайрат Айтуғановтың сөзінше, баға алып-сатарлардың кесірінен өсіп отыр. Жақын арада бағаны ұстап тұратын тәсілдер ойластырылмақ. Мұнан бөлек, елде аусыл мен сібір жарасының қаупі әлі жойылмаған, сатып алынған вакциналар жарамсыз болып шықты, дейді ведомство өкілі.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:


Біз тексердік бәрін. Сатып алынған вакциналарды Украинаға, Эфиопияға жібердік. Ол жақта вакциналардың түкке жарамсыз екені белгілі болды. Қазір бәрін құқық қорғау органдарына бердік. Бұл бір. Екінші мәселе - мал дәрігерлері малдарды қарапайым ғана дәрілемеген. Неге екені белгісіз.