Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қираған Oroville бөгетін қалпына келтіру құны 200 млн $-ға түсуі мүмкін

AstanaTV
15.02.2017ж. 20:00
1957
Қираған Oroville бөгетін қалпына келтіру құны 200 млн $-ға түсуі мүмкін

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Oroville бөгетін жөндеу жұмыстары 200 миллион долларға түсуі мүмкін. Бұл туралы елдегі су ресурстары басқармасына сілтеме жасап, Рейтерс хабарлады. Мамандар, АҚШ-тағы ең биік бөгетті қалпына келтіру үшін, конструкцияны толықтай қайта құру керектігін айтады.

Қазір бөгеттегі су ернеуінен асып, тіпті ағысқа әзер шыдас беріп тұрған көрінеді. Елу жыл бұрын қолданысқа берілген апаттық шлюз мәселені шешуге қауқарсыз.  Егер 4,5 млрд текше метр суы бар бөгет бұзылар болса, оның зардабы үлкен болмақ. Жергілікті билік 200 мыңдай адамды қауіпсіз жерге көшірді. Штатта қазір төтенше жағдай жарияланды.   

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ