$458.69 €501.3 ₽6.52
×

Ким Чен Нам ағасынан рақымшылық жасауды сұраған - Оңтүстік Корея барлау қызметі

15 ақпан 2017
2633
Ким Чен Нам ағасынан рақымшылық жасауды сұраған - Оңтүстік Корея барлау қызметі

Солтүстік Корея көшбасшысының өгей ағасы Ким Чен Намның кенеттен қаза тапқаны туралы хабарды әлемдік ақпарат құралдары қызу талқылап жатыр. Кеше Ким Чен Ынның жақын туысы жайлы көп ешкім білмеген еді. Бүгінгі жағдай өзгеше. Солтүстік Корея тарапы әзірге үнсіз. Есесіне, оңтүстік кореялықтар белсенді.

Малайзия әуежайында мерт болған Ким Чен Нам уланып қалған деген ақпар тарап жатыр. Марқұм соңғы жылдары өзі тұрақтаған Қытайдың Макао аймағына сапарға шыққан сыңайлы. Саясаттан алыс, тыныш өмір сүріп жатқан оның жеке кәсібі де болыпты. Солтүстік Кореяның халқы Ким Чен Нам туралы білмеуі мүмкін. Бірақ элита оны жақсы таниды. Марқұмды улады делінген екі күдіктінің бірінің бейнесі бақылау камераларына жазылып қалған. Кейін белгілі болғандай, олар өз құрбанының бетіне әлденені шашып жіберген. Медициналық бекетке жетіп үлгерген Ким Чен Намға мамандар көмектесе алмады.

Чонг Чжун Хи, Оңтүстік Кореяның унификация министрлігінің баспасөз хатшысы:


Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық деректер ресми қорытынды дайын болғаннан кейін жарияланады. Біз Малайзия үкіметімен тығыз байланыста жұмыс істемекпіз.

Бұл жағдайдан кейін Оңтүстік Кореяда шұғыл қауіпсіздік кеңесі шақырылған. Әлемдегі ең жабық мемлекеттің басшысы жақын туысынан айрылып отырғанда көршілес ел мұны ескерусіз қалдыра алмады. Іргелес ел баллистикалық зымыран ұшырып, әлемге соғыс жариялауға уәде еткенін ескерсек, бұл түсінікті де.

Хван Ге Ан, Оңтүстік Корея премьер-министрі, президенттің міндетін атқарушы:

Қазіргі ахуал күрделі. Егер біз Ким Чен Намның өліміне Солтүстік Корея Үкіметінің қатысы барын растай алсақ, Ким Чен Ын қалыптастырған режимнің қатігездікке негізделгенін көрсетеміз.

Ким Чен Нам - Солтүстік Кореяның негізін қалаушы Ким Чен Ирдің үлкен баласы. Бір кездері ол жайлы елдің басшысы болады деген сыбыс тараған. Алайда, бұл расталмады. Ким Чен Нам жасанды құжатпен әуелі Жапонияға кетпекші болады. Кейін Макао мен Сингапурді мекендеді. Марқұм сұхбаттарында ағасының режимін жиі сынағанымен, таққа отыруға әрекет жасамаған. Ал сарапшылар оның өлімі Пхеньян үшін тиімді деген пікірде.  

Джоэл Вит, Джонс Хопкинс университеті Америка-Корей институтының аға ғылыми қызметкері: 

Көшбасшымен байланысы бар әрі шетелде тұратын Ким Чен Нам өзін  біреулердің өлтіргісі келгенін білуі керек еді. Ол әу-бастан Ким Чен Ирдің жетістігін қайталағысы келді. Менің ойымша, солтүстік кореялықтар дегеніне жеткен сияқты.

Оңтүстік Кореяның барлау қызметі де осындай пікірді ұстанады. 2012 жылғы кезекті қастандықтан кейін Ким Чен Нам ағасына рақымшылық танытуды сұрап хат жазған. Ал, сарапшылардың бір тобы: «Солтүстік Корея көшбасшысының өгей ағасын өлтіруіне негіз жоқ. Әсіресе АҚШ президенті Трамптың оған қатысты айтқан қатаң сөзінен соң»,- деп болжайды. 


Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ    

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар