$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық музейге барды

06.06.2024ж. 20:00
430
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық музейге барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық музейге барды. Мемлекет басшысы отандық және әлемдік өнер туындыларының көрмесін тамашалап, қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған "Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер" атты көрмемен танысты. Сондай-ақ әйгілі қылқалам шебері Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" картинасының түпнұсқасын көрді. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан алысқа алғаш шығарылып отыр. Әйгілі туынды Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай әкелінген.