Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

AstanaTV
15.02.2017ж. 20:00
2360
«Нұр Отан» партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

Жұмысты жетілдіру жолында жас мамандардың ұсыныстарын қабылдауға дайынбыз. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылары осыны мәлімдеді.

Ведомство төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Оған 10 астаналық арыз-шағымын арқалай келіпті. Азаматтарды әдеттегідей сан түрлі сауал толғандырады. Әсіресе баспана мәселесі мен базына айта келген тұрғындар басым. Жер теліміне қатысты сұрақтар да жоқ емес. Қабылдау соңында түйіткілді мәселенің түйінін тез арада тарқату үшін Алик Шпекбаев әріптестерімен арнайы жиын өткізетінін айтты.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары:

Өз жағымыздан мүмкіндік болғанша көмектесуге тырысамыз. Ол жағынан енді мен қазір тапсырма бердім. Біздің қарамағымызда істейтін қызметкерлерге де, қазір қосымша әріптестерімізбен кездесіп, мүмкіншілігіміз келгенше шешуге тырысамыз.