Түркияда алтыншы этноспорт мәдени фестивалі өтуде. Аталмыш шараға 20-дан астам елден 1000 спортшы мен мәдениет саласының өкілдері барды. Қатысушылар қатарында қазақстандық делегация да бар. Дәлірек айтсақ, еліміздің аударыспақ және теңге ілу федерациясының спортшылары өнер көрсетеді. Айта кетейік, фестиваль Ыстамбұл қаласында ұлттық спорт, салт-дәстүр, қолөнер сынды түрлі бағытта төрт күнге жалғасады.
Исламбек САЛЖАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Биыл Президенттің бастамасымен Қазақстанда 5 дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтуге жоспарланып жатыр. Бүгінгі күні соған 3 мыңнан астам спортшылар келеді. Соның өтуіне де мына дүниежүзілік конфедерация үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Әрине ол тек жай спорт емес, ол еліміздің мәдениетін руханиятын, соның ішінде әрине ұлттық спорттың дамуына үлесін қосатынына біз сенімдіміз.