$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Елордада «Жастар бірге – қалдық бөлек!» атты форум өтті

07.06.2024ж. 20:00
325
Елордада «Жастар бірге – қалдық бөлек!» атты форум өтті

«3.2.1. Старт!» республикалық байқауы аясында жоғары оқу орындарының студенттері 17 тоннадан астам пластик жинаған. Бұл туралы «Жастар бірге – қалдық бөлек!» атты форумда айтылды. Жобаның 8-ші маусымы пластикті жинаудың және қайта өңдеудің тұрақты үлгісін құруға бағытталған. Оған еліміздің түрлі өңірлерінен 10 жоғары оқу орыны қатысты. Соның ішінен екеуі жеңімпаз атанды. Оларға бағалы сыйлықтар мен арнайы пластик өңдейтін құрылғылар табысталды.

Асыл ОҚАПОВА, ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ G-GLOBAL ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Былтырғы сәуір айынан бастап біздің коалиция CCI компаниясының қолдауымен жастарға арналған «3.2.1. Старт!» деген жобаны жүзеге асырдық. Әрине бұл жобаның негізгі мақсаты ол жоғарғы оқу орындарында осы экологиялық сананы арттыру жастардың арасында, одан кейін тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу болып саналады.