$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ақтауда ерлі-зайыптылар бір-бірінің үстінен арыз жазған

AstanaTV
10.06.2024ж. 12:15
522
Ақтауда ерлі-зайыптылар бір-бірінің үстінен арыз жазған

Ақтауда өңірлік полиция департаменті әйеліне зорлық-зомбылық көрсетіп, ұрып-соққан ер адамға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда жұбайы да әйелінің үстінен арыз жазған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Полиция басқармасының хабарлауынша, күйеуінің арызы бойынша, әйелінің үстінен заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

- Зорлық көрсеткен ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ер адам қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін қамауға алу жазасына кесіледі. Қазір бұл материал сотқа жіберілді. Ер адамның өтініші бойынша қылмыстық іс оның зайыбына да қатысты қозғалып жатыр. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - деп жазылған өңірлік полиция басқармасының хабарламасында.