$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жеңіл өнеркәсіп өндірісі екі еседен артық өсті

Жеңіл өнеркәсіп өндірісі екі еседен артық өсті

2025 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 22,6% артып, 259,5 млрд теңгені құрады. Өсімнің негізгі үлесі өндіріс көлемі 159 млрд теңгеге жеткен тоқыма өнеркәсібіне тиесілі болды.

Бұл сала өңдеуші өнеркәсіптегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 77,1 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 225,2% болды.

Ең жоғары өсім тоқыма өндірісінде тіркелді. Бұл бағыттағы өндіріс көлемі 46 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 296%. Киім өндірісінің көлемі 25,2 млрд теңгеге (НКИ – 135,8%), былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 5,8 млрд теңгеге (НКИ – 142%) жетті.

Бүгінде жеңіл өнеркәсіп саласында 18 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отырған 1,4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сала құрылымында киім өндіретін кәсіпорындар басым, олардың үлесіне жұмыс істеп тұрған компаниялардың жартысынан астамы тиесілі.