$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылордада адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысында қылмыстық топ ұсталды. Олар адам ұрлау, жәбірленушілердің мүлкін тартып алумен айналысқан. Арнайы операцияны Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратура ұйымдастырған. Қылмыскерлерді ұстаудың алдында оларға қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілген. Себебі күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу олардың криминалдық байланыстарының көп болуымен қиынға соққан. Қазір барлық факті бойынша тексеру жүргізілуде.

Қуандық АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы тексерілуде. Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде