$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

10.06.2024ж. 20:00
292
Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Оқиға Алматы - Өскемен тас жолының 55 шақырымында орын алған. Полиция департаментінің айтуынша көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдан шығып кетіп, ағашқа соққан. Жүргізуші мен 4 жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырған. 

Меруерт МОРЯКОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
12 жастағы кәмелетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілген. Аталған факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.