Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ким Чен Намның өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

AstanaTV
16.02.2017ж. 20:00
2265
Ким Чен Намның өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Малайзияда Ким Чен Намның өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталды. Рейтерстің хабарлауынша, ол 28 жастағы Оңтүстік Корея азаматшасы. Қамауға алынған күдікті әуежайдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Енді сот алдында жауап береді. Құқық қорғау органдары бұған дейін Вьетнам азаматшасын құрықтаған. Жергілікті БАҚ ұсталғандар Солтүстік Кореяның арнайы қызметінде жұмыс істеуі мүмкін екенін хабарлады.

Еске салайық, осыдан екі күн бұрын Куала-Лумпур әуежайында Солтүстік Корея басшысының ағасы белгісіз жағдайда қайтыс болған еді.