Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда генетикалық скрининг сараптамасы қайта жүргізіле бастады

AstanaTV
16.02.2017ж. 20:00
2774
Атырауда генетикалық скрининг сараптамасы қайта жүргізіле бастады

Атырауда генетикалық скрининг сараптамасы бірнеше күн кідірістен соң қайта жүргізіле бастады. Бұл туралы перинаталдық орталықтың дәрігерлері хабарлады. Өткен аптаның аяғында сараптамаға арналған реактив жеткізілген. Қазір Финляндиядан шығатын химиялық қоспаның 45 қорабы арнайы тоңазытқышта сақтаулы. Оның әрқайсысы 400 қан сынамасын анықтауға жетеді, 18 мың әйелге генетикалық скрининг жүргізуге болады,- дейді мамандар.

Айнұр Молдағалиева, Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігері:

Алғашқы нәтижелер беріле бастады. Әйелдерді кеңес алуға шақырып жатырмыз. Арнайы бұйрыққа сай қан сынамасы белгілі температурада сақталады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Яғни сынаманың біраз уақыт сақталуы сараптама нәтижесіне еш әсер етпейді.

Өткен «Жаңалықтарымызда» Атырауда жүкті әйелдер генетикалық скринигтен өткізілмей жатқанын хабарлағанбыз. Бұл  жатырдағы шарананың денсаулығындағы ақауды анықтайтын сараптама. Ақ халаттылар оның себебін жыл басында бөлінген қаражаттың кешіктірілуімен түсіндірді. Қазір жағдай қалыпты. Енді дәрігерлер баланың дені сау болып өмірге келуі үшін жас аналарға уақытында тіркеуге тұруды ескертіп отыр.