Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Батысқазақстандық полицейлер киік аулаған браконьерлермен сыбайлас болып шықты

AstanaTV
16.02.2017ж. 20:00
2627
Батысқазақстандық полицейлер киік аулаған браконьерлермен сыбайлас болып шықты

Батыс Қазақстанда браконьерлермен күресуі тиіс полицейлердің өздері киік аулап, істі болды. Бұл туралы аймақтағы табиғат қорғау полициясының өкілі мәлімдеді. Соңғы кездері киік атушылар айтарлықтай көбейген. Жыл басынан бері Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарында 3 оқиға тіркелген. Ал Қазталов ауданында 150 дана киік мүйізін алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Былтыр браконьерлердің үстінен 22 қылмыстық іс қозғалып, жетеуі сотқа жіберілген. Киік аулайтындардың көбейгенін мамандар жазаның жұмсақтығымен байланыстырады. Айта кетелік, заңсыз аң аулағандарға 11 миллион теңге айыппұл немесе бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еламан Валиев, БҚО ІІД табиғат қорғау полициясы бөлімінің басшысы:

Полиция қызметкерлері және «Охотзоопром» инспекторларына заңсыз киік ату бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Ақтөбе мен Атырау сияқты көршілес облыстардан браконьерлер келіп жатады. Олар ұсталып та жатыр.