Австралияда құс тұмауының жаңа штамы адамға жұқты, деп хабарлайды 24kz.
Бұл елде бұрын-соңды болмаған жайт. Вирус 2 жасар қыз баладан табылған.
Ол бірнеше ай бұрын Үндістанда болған екен. Мамандар балақай ауруды сол жерде жұқтырса керек дейді. Өйткені шетелде жүргенде-ақ өзін нашар сезінген. Елге оралғанда жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен. Қазір қыз баланың халі жақсы
Бұдан бөлек, Австралияда құс тұмауы 5 фермада өршіп тұр. Салдарынан жарты миллионнан аса үй құсының көзі жойылды.
Осы жағдайға байланысты елде жұмыртқа бағасы күрт өсіп кеткен.