Астанада Халықаралық Бейбітшілік және келісім керуенінің 2 кезеңіне қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Шараға "AMANAT" партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау жасады. Ұлттық киім киген елу шақты адам еліміздің туын ұстап 10 мың шақырым жол жүреді. Бірінші нүкте- Қырғызстан. Шараға қатысушылар ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді Орта Азия елдеріне , яғни, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей халқына паш етпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, керуен мәдени -рухани бағытта тәжірибе алмасуды күшейтуге және халықтар арасындағы байланысты нығайтуға арналған. Үшінші кезеңде қатысушылар Еуропа мен Азияның 18 елімен өтеді.
Руслан АБДУЛЛИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ КЕРУЕНІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Біз Еуропа мен Азияның, Таяу Шығыстың 16 елінің аумағы бойынша шамамен 9 мың шақырым жаяу 16 шеруден өттік. Елестетіп көріңізші, осы маршруттың әр метрінде біз өз туымызды көтеріп келеміз. Ондаған мың қарапайым адамдар бізден өз еліміз туралы айтып беруімізді сұрайды. Бізді танығандар: "міне, олар-Қазақстан Республикасының адамдары" деп айтады. Бұл -біздің басты миссиямыз.