Актер Жахан Отарғалиев өзінің инстаграм-парақшасында оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жақында өзінің адамын жолықтырып қалуы мүмкін екенін айтты.
"Адамға адам керек дегенді күннен күнге түсініп келе жатырмын, жүрекке тыныштық беретін Аллаға деген сенім, махаббат және айналамдағы жанашыр достарымның махаббаты. Сіздерге көп рахмет! Қолдауларыңызға, сыйластықтарыңыз бен жылы тілектеріңізге рахмет! Баршаңызды жақсы көремін, шүкір, мен бақыттымын. Жақында жолықтырып қаламын-ау", - деп жазды актер.