Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартты, АҚШ-ғы сайлау науқаны

AstanaTV
05.03.2016ж. 20:00
1530
 АҚШ Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартты, АҚШ-ғы сайлау науқаны

Ал дәл осы аптада АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға созатын жарлыққа қол қойды. –Санкциялар енгізген №13660 Жарлығының қолдану мерзімін ұзартатын жарлық,- деп хабарлады РБК. Жарлыққа сәйкес, «Украинадағы демократиялық процестерді шайқалту, Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын бұзу әрекеттеріне байланысты төтенше жағдай режимі» сақталады. Яғни санкциялардың себептері түсіндіріледі. Барак Обама Қырымды Ресейдің оккупациялауына байланысты тағы 3 өкімінің қолдану мерзімін ұзартты...

 Айтпақшы АҚШ –тағы президент сайлауы науқанындағы «суперсейсенбі» дейтін алдын-ала сайлап көру шарасы - праймериз өтті, осы аптада. Оншақты штатта өтетін сайлау. Демократтардан Хилари Клинтон, республикашылардан Дональд Трамп алда.

Бейнеқыстырма

Осы жолғы сайлау науқанының «қызық» тұсы – Республикалық партия Дональд Трампты бірауыздан қолдап отырған жоқ. TheNewYorkTimes –ң жазуына қарағанда  «Демократиялық партия Хиллари Клинтонның маңына топтасып жатыр, ал Республикалық партия Дональд Трамптың позициясын нығайтқан үстіне нығайтып жатқанына орай бастары піспей, бейнелеп айтқанда  өзара «қырқысып» жатыр. Бәріне «кінәлі» Трамптың өзі. Оның кісі шошитын радикалды  мәлімдемелері: Мексикамен арада қорған тұрғызу, мұсылмандарды елге кіргізбеу деген сияқты. Оған қоса ақ нәсілді, жоғары білімді әйелдерді мансұқ етіп сөйлейді. Мұндайды естіген өмір бақи республикашылдарға дауыс беріп келген сайлаушылар президент сайлауына бойкот жариялайтындарын айтып, Республикалық партияны «неврозға» түсіріп қойды. Пародокс: Республикалық партия өз іштерінде Трампқа қарсы тұра алатын кім екенін анықтай алмай бастары қатты. Егер Трамп сайлау бюллетеніне жазылатындай деңгейге жетсе, Демократиялық партия өкілініңАқ үйдің қожайыны болу мүмкіндігі зор екенін болжап отыр.  Себебі Д. Трамптың «қараңғы» адамның сөзі сияқты мәлімдемелері республикашыларды түгелдей «қараңғы адамға» айналдырғалы тұр...