$459.6 €493.06 ₽5.38
×

Астанада жаңадан салынып жатқан мектепте өрт шықты

AstanaTV
15.06.2024ж. 19:11
3323
Астанада жаңадан салынып жатқан мектепте өрт шықты

Астанада салынып жатқан мектепте өрт шықты.

Оқырмандар Tengrinews.kz-ке елордада салынып жатқан құрылыс маңынан шығып жатқан қою қара түтіннің видеосын жолдаған. Куәгерлердің айтуынша, құрылысы аяқталмаған мектептен өрт шыққан.

Астана ТЖД мәліметінше, сағат 16:26-да Қабанбай батыр даңғылы 38/2 мекенжайында 1-4-қабаттарда жаңадан салынған мектептің қаптамасы өртенген. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында 13 адам мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.

Сағат 16:47-де 40 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілгені айтылды.