$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

AstanaTV
15.06.2024ж. 20:57
2603
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Кеше, 14 маусым күні сағат 09:00 шамасында Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.