$455.63 €507.89 ₽5.65

77 мыңнан астам маманның жалақысы 40 пайызға дейін көбейеді

28.10.2026ж. 13:00
77 мыңнан астам маманның жалақысы 40 пайызға дейін көбейеді
фото: pixabay

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады, деп хабарлайды Astana TV. 

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт мәлім етті.

 Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.