$467.29 €501.03 ₽5.35
×

"Теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз". Мемлекет басшысы Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

AstanaTV
17.06.2024ж. 15:23
1360
"Теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз". Мемлекет басшысы Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдады.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін, - делінген құттықтауда.

Айта кетейік, бүгін Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңарды. Елена Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды.