$441.89 €502.56 ₽5.19
×

Қызылжарда дәнекерлеуші мыңнан астам ірі трансформатор жинаған

Қызылжарда дәнекерлеуші мыңнан астам ірі трансформатор жинаған

Қызылжарда дәнекерлеуші ірі трансформаторларды жинайды. Қайрат Қонысовтың бұл салаға ден қойғанына 20 жыл болды. Осы уақыттың аралығында кәсіби маман бірнеше мың трансформатор жинаған. Адал еңбектің арқасында ол бүгінде қолын жылы суға малып отыр. Ерен еңбектің нәпақасы жайында тілшіміз әңгімелейді.

Қайрат Қонысов жастайынан дәнекерлеуші ісіне ден қойған. Ол Кентау қаласында біліп алып, бірден трасформатор зауытына жұмысқа тұрған. Үшінші дәрежеден бастаған маман бүгінде осы саланың ең үздік көрсеткіші, яғни алтыншы дәрежеге ие болып отыр. Бес жыл бұрын жеті баланың әкесі отбасымен бірге Петропавлға қоныс аударған. Ал бүгін адал еңбектің арқасында зауыттың көмегімен баспаналы болды.

ҚАЙРАТ ҚОНЫСОВ, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Бұл зауыттың ашылғанына бес жылдай болды. Сол ашылғаннан бастап осындамын.Біздің жұмысымыз негізінде маңызды. Трансформаторды тесіп алмау керек. Одан май ақпау керек. Тесіліп, май ағатын болса, істен шығады ол трансформатор.

Алып зауытта бүгінде 100-ден астам адам екі қолға бір күрек тапқан. Өндіріс ошағы еңбегіне адал қызметкерлерге қосымша әлеуметтік қолдау көрсетіп отыр. 

БЕЙБІТ ЫБЫРАЕВ, ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Әлеуметтік көмек беріледі: санаторный-курортный лечение соны төлеп беру, сонымен қатар вредный условия труда дейді, дәл сол жерде жұмыс істейтін жұмысшыларға қосымша көмек көрсетіледі.

Зауыт жақын арада толық қуатына көшуді діттеп отыр. Нәтижесінде өндіріс ошағына қосымша 100 адам қабылданбақ. Жалпы, Қызылжар өңірінде 980 өнеркәсіп кәсіпорны бар.  Қайта өңдеу саласының дамуына байланысты аймақта жұмыссыздық мәселесі де жойылудың алдында тұр.